Главная » 2014 » Март » 14 » Орал ҚТЛ-де "Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі
19:20
Орал ҚТЛ-де "Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі
2014 жылдың 12-наурыз күні Орал қаласындағы қазақ-түрік лицейінің базасында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Білім мен өнер додасына 12 аудан және 4 облыстық мектептер және қалалық кезеңнен өткен 1 қала мектебі, барлығы 90 оқушы қатысты.
Жыл сайын «Дарын» қосымша білім беру орталығы мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастыратын қазақ тілі олимпиадасының мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту, оқушылардың ана тіліне, қазақ әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Олимпиада бес  номинациядан тұрды — «Тілші, әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар» және «Жазушылар» бағыты. Болашақ тілшілер мен әдебиетшілер тест сұрақтары арқылы білімдерін сынап, кішкентай бұлбұлдар ән салды, сөз шеберлері мәнерлеп өлең, монолог оқыды, жас ғалымдар өздерінің жоба жұмыстарын қорғады.
Білім мен өнер додасына жоғары оқу орындарының оқытушылары мен облысымыздағы тәжірибелі мұғалімдер қазылық етті. Оза шауып бәйге алғандар Астана қаласында өтетін республикалық додаға аттанатын болады.
                                           Орал қаласы, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты

1 d
Просмотров: 1968 | Добавил: JAko | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]