Главная » Файлы » тест » Олимпиадалар |
08.03.2013, 19:49 | |
Жыл сайын «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, қазақ-түрік лицей оқушыларының арасында «Болашақ жастардың қолында» атты республикалық білім олимпиадасы болып өткізіледі.Республика аясында өткізілетін олимпиаданың басты мақсаты - қазақ-түрік лицей оқушыларының білім дейгейлерін бағалай отырып, болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын нағыз білімді, көп тілді меңгерген, Отанына адал азаматтар мен азаматшалардың өресін өсіру болып табылады. Жыл сайын аталмыш олимпиадаға 3500 оқушы қатысып, қазақ тілі (қазақ және орыс топтары), Қазақстан тарихы, география, математика, физика, орыс тілі, биология, химия, информатика, ағылшын тілі пәндерінен бақ сынасқан болатын. Үш тоқсан бойы өз мектептерінде үздік нәтиже көрсеткен 634 оқушы ақтық мәреге жолдама алады. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан оқушылар «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының медальдары мен I, II, III дәрежелі дипломдары берілді. Сондай-ақ, білім олимпиадасының қорытындысы бойынша, лицейаралық рейтингте жүлде саны бойынша үздік нәтиже көрсеткен лицейлерге орындар тағайындалып, арнайы марапатталады. | |
Просмотров: 5162 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |